9, 10 апталар Ақпараттық технология түрлері



Скачать 73.04 Kb.
страница1/5
Дата23.12.2022
Размер73.04 Kb.
#131331
  1   2   3   4   5
793294, sro(20201736-72198)

9, 10 апталар
Ақпараттық технология түрлері

Cұрақтары:


  1. Дректерді өңдеудің АТ

  2. Басқарудың АТ

  3. Офисті автоматтандыру

  4. Шешім қабылдауды қолдаудың АТ

  5. Эксперттік жүйелердің АТ

Басқару мақсаттарының қамту дәрежесі бойынша ақпараттық технологиялардың түрлерін толығырақ қарастырайық.
1. Мәліметтерді өңдеудің АТ
Мінездеме және тағайындалуы. Мәліметтеді өңдеудің ақпараттық технологиясы қажетті кіріс мәліметтері бар және алгоритмдері белгілі және де оларды өңдеудің басқа да стандартты процедурасы бойынша жақсы құрылымды міндеттер үшін арналған. Бұл технология басқарудың жедел деңгейінде біліктілігі төмен қызметкердің қызметі кезінде басқарылатын еңбектің бірсыпыра ескішіл тұрақты қайталанатын операцияларын автоматтандыру мақсатында қолданылады. Сондықтан да бұл деңгейде ақпараттық технологияны және жүйені енгізу қызметкердің еңбек өнімділігін маңызды жоғарылатады, оны ескішіл операциялардан босатады, тіпті қызметкерлердің санын қысқарту қажеттілігі туындауы мүмкін.
Операциялық қызмет деңгейінде келесі мақсаттар шешіледі:
- фирмамен шығарылған операциялар туралы мәліметтерді өңдеу;
- фирма істерінің жай-күйі туралы кезеңдік бақылау есептерін жасау;
- ағымдағы барлық мүмкін сұраныстарға жауаптар алу және оларды қағаз құжаттар ретінде немесе есеп-қисап түрінде ресімдеу.
Осы технологияның басқалардан артықшылығы мәліметтерді өңдеумен байланысты бірнеше ерекшеліктері бар:
- мәліметтерді өңдеу бойынша фирмаға қажет мақсаттарды орындау. Әрбір фирмада өз іс-әрекеттері туралы мәліметтердің бар болуы және оларды сақталуы заңмен берілген, яғни оларды қамтамасыз ету құралдары және фирмадағы бақылауды сүйемелдеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.
- Сондықтан да әрбір фирмада мәліметтерді өңдеудің ақпараттық жүйесі міндетті түрде болуы керек және де лайықты ақпараттық технология өңделуі керек;
- алгоритмдерді өңдеуге келетін тек жақсы құрылымды мақсаттарды шешу;
- өңдеудің стандартты процедураларын орындау. Бар стандарттар мәліметтер базасының типтік процедураларын анықтайды және оларды ұйымдардың барлық түрлері сақтауы керек;
- жұмыстың негізгі көп бөлігін аз адамның қатысуымен автоматты режимде орындалуы.
- бөлшектелген (нақтыланған) мәліметтерді қолдану. Фирманың қызметі туралы жазбасында тексерулерді өткізуге болатындай нақтылы (толық) мінездемесі бар. Фирманың қызметін тексеру процесінде хронологиялық түрде периодтың басынан соңына дейін және соңынан басына дейін тексеріледі;
- оқиғалардың хронологиясына акцент;
- мәселені шешу кезінде басқа деңгейдегі мамандардың тарабынан минималды көмек сұрау;
Негізгі компоненттері. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясының негізгі компоненттерін ұсынамыз (сур.1) және оларға мінездеме берейік.
Мәліметтерді жинау. Фирма өнім шығарса да қызмет көрсетсе де, оның әрбір іс-әрекеттері лайықты мәліметтерді жазумен бірге жүреді. Әдетте сыртқы ортамен байланысы бар фирманың әрекеті фирмамен шығарылатын операция сияқты өзгеше бөлініп тұрады.

1-сурет. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясының негізгі компоненті

Мәліметтерді өңдеу. Фирманың әрекетін көрсететін келіп түсетін ақпараттар мәліметтерін құру үшін келесі типтік операциялар қолданылады: жіктеу немесе топтастыру. Алғашқы мәліметтер әдетте бір немесе бірнеше символдан тұратын код түрінде болады. Бұл кодтар объектілердің айқын белгілерін көрсетеді, жазбаларды сәйкестендіру (теңестіру) үшін қолданылады.


Мысалы. Еңбек ақыны есептеу кезінде әрбір жазбаға жұмысшының коды (табельдік нөмір), ол жұмыс істейтін бөлімше коды, иеленген лауазымы және т.б. кіреді. Осы кодтарға сәйкес әртүрлі топтастыруларды жасауға болады.
Мәліметтерді өңдеудің басқа да түрлері. Сұрыптаудың көмегімен жазулардың жүйелілігі реттелуде; есептеудің құрамында арифметикалық және логикалық операциялар бар. Мәліметтер үстінен орындалған операциялар жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді; агрегаттандыру және ірілендіру, мәліметтердің санын азайту үшін және қорытынды немесе орта мәндердің есеп-қисаптары түрінде іске асырылатын.
Мәліметтерді сақтау. Операциялық қызмет деңгейіндегі көптеген мәліметтерді келесі жолы қолдану үшін осы жерде немесе басқа деңгейде сақтап қою қажет. Оларды сақтау үшін мәліметтер базасы құрылады.
Есеп-қисаптарды (құжаттарды) жасау. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясында фирма басшылығы мен жұмысшылары үшін және де сыртқы серіктер үшін құжат жасалуы қажет. Яғни құжаттар сұраныс бойынша да немесе фирмада өткен операциялармен байланысты периодты түрде әрбір айдың, тоқсанның, жылдың соңында жасалуы мүмкін.



Скачать 73.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




База данных защищена авторским правом ©vossta.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница