Әбділлә мен Мәликаның әңгімесі



Скачать 54.18 Kb.
Дата21.01.2023
Размер54.18 Kb.
#131385
АБДИЛЛА мен МАЛИКА


Әбділлә мен Мәликаның әңгімесі
Мәлика: «Кімде кім менің сұрақтарыма дұрыс жауап берсе мен сол жігітке тұрмысқа шығамын» деп жариялайды. Арадан біраз уақыт өткенде осы хабар Түркістанға да жетеді. Ақырында сонда тұратын Әбділлә деген ғұлама қыздың сұрақтарына жауап беру үшін Румға сапар шегеді. Әбділлә рұқсат сұрап патша сарайына кіргенде, Малика қыз: Не шаруамен келдің? - деп сұрайды. Сіздің сұрақтарыңызға жауап бергелі келдім мәртебелі патшайым – дейді ол. Патша қыз оған сынай қарап: Сен секілді сан жігіт келіп, менің көп сұрақтарыма жауап бере алмай шәрмәндә болды. Сондықтан сенің де ауере болмай үйіңе қайтқаның жөн ғой – дейді.
– Әйтпесе, бостан - босқа мерт боларсын. Сонда Әбділлә: - сен - шырақсын, көргеніме қуанам. Жаннан бездім, өлсем орным қара жер - деп жауап берді. Онда жарайды – деп жүзіне күлкі үйірілген Мәлика осы сұрақ-жауаптарды хатқа түсіріп отыру үшін сарай ғұламаларының ішінен арнайы кісілер белгілеп, сұраққа көшеді. Мәлика сұрады: Алла-тағаланың білмейтіні не? Әбділлә жауап берді: Алла-тағала өзіне ұқсайтынды білмейді.
Мәлика: Алла-тағалада не жоқ?
Әбділлә: Алла-тағалада ұйқы жоқ.
Мәлика: Кімде әйелі, перзенті жоқ?
Әбділлә: Әйелі, перзенті жоқ, ол- Алла.
Мәлика: Алла-тағаланың беті қай жаққа қараған?
Әбділлә: Қаранғы үйге шам қойсаң, жарығы барлық жағына бірдей туседі. Алла-тағаланың беті де сол сияқты, барлық жағын бірдей бағдарлайды.
Мәлика: Алла-тағала қай жерде отырады: Аршыдама? Күрсидема?
Әбділлә: Алла-тағаланың мекен-жайын біліп болмайды. Қай жерде деп ойласаң, сол жерде.
Мәлика: Жұмақта не жоқ?
Әбділлә: Алла-тағаланың кәләмі, яғни сөзі жоқ.
Мәлика: Алла-тағала әуелі нені жаратты?
Әбділлә: Әуелі екі әріп: «қаф» - қ-ны, «нун» - н-ны жаратты.
Мәлика: «қаф» пен «нун» не? Олардан не пайда болды?
Әбділлә: «Күн-фая-күн» деді, дуниедегі барлық зат, жан-жаныуарлар, сумен орман, тау мен көл жаралды.
Мәлика: Қайдан келесіз?
Әбділлә: Атаның сүлбілінен, ананың рахманынан келемін.
Мәлика: Қайда барасыз?
Әбділлә: Барар жерім белгісіз.
Мәлика: Жатар жеріңізші?
Әбділлә: Көрістан.
Мәлика: Не жейсіз?
Әбділлә: Қам жеймін.
Мәлика: Ненің қамын жейсіз?
Әбділлә: Ақырет қамын жеймін.
Мәлика: Мұсылмансын ба?
Әбділлә: Әлхамдуллаһи, мұсылманмын.
Мәлика: Дәлел керек?
Әбділлә: Әшһаду әллә иләһә иллаллаһу уә әшһаду әннә Мухәммәдән ъабдуһу уә расулуһу. Куәлігім де, дәлелім де осы.
Мәлика: Бұл дәлелің әлі аз...
Әбділлә: Ол аз болса, иманым куә.
Мәлика: Онда иман келтіру деген не?
Әбділлә: Иман келтіру деп Мухаммед пайғамбарымыздың Алла-тағала тарапынан келтірген бұйрықтарына ділмен сеніп, оны тілмен жеткізуді айтады.
Мәлика: Кімнің құлысың?
Әбділлә: Алланың құлымын.
Мәлика: Кімнің үмметісің?
Әбділлә: Мухаммед үмметімін.
Мәлика: Ислам деп нені айтады?
Әбділлә: Алла-тағаланың бұйырғанын орындап, айтқандарына бой ұсынуды айтады.
Мәлика: Ислам дінін қалай ұстайды?
Әбділлә: Ол негізінен бес парыз арқалы орындалады. Бұлар:
1) Имандылық; 2) Күніне бес уақыт намаз оқу; 3) Рамазан айында ораза ұстау; 4) Малы болса, зекет беру; 5) Шамасы келсе, қажылыққа бару.
Мәлика: Имандағы жеті парыз қайсы?
Әбділлә: 1.Алла-тағаланың бар екеніне, біреу екеніне сену: иман келтіру; 2.Періштелерге сену; 3.Дін кітаптарына, алдымен Құранға сену; 4.Пайғамбарларға сену; 5.Ақырет күніне сену; 6.Жақсылықтың да, жамандықтың да төркінін Алла-тағаладан деп білу; 7.Өлгенен кейін ол жақта да өмір бар екеніне сену.
Мәлика: Алла-тағала оттан нені жаратты?
Әбділлә: Оттан екі нәрсе жаратты: бірі – еркек, екіншісі – ұрғашы, бірі – жылан, екіншісі шаянға ұқсас жәндік. Бұл екеуі қосылғанда олардан жын-шайтан пайда болды.
Мәлика: Осы ең әуелі екеу болып қосылған кімдер?
Әбділлә: Таблит пен Жаблит.
Мәлика: Жаны да жоқ, басы да жоқ, бырақ от көсейді, ол не?
Әбділлә: Ол – Мұса пайғамбардың таяғы, жерге ұрса айдаһарша от шашады.
Мәлика: Өзі жансыз болса да аспанға қалықтап кетті ол не?
Әбділлә: Ол Тур тауының нуры.
Мәлика: Үні бір ғана адамның құлағына жетеді, басқалар естімейді. Ол не нарсе?
Әбділлә: Тур тауының жанғырығы, оны Мұсадан басқа еш кім естімейді.
Мәлика: Қандай су аспанда да, жерде де жоқ?
Әбділлә: Мұса пайғамбардың маңайы шөліркеді. Ол таяғын тасқа ұрды, он екі бұлақ пайда болды. Жұрт шөлін басты. Бұл су көкте де, жерде де жоқ. Мәлика: Жұрттың көбіне жететін қалың көленке бар. Ол қандай көленке? Әбділлә: Ол - бұлт еді. Мұса пайғамбардың шарапатымен жұртқа көленке болды.
Мәлика: Неше нәрсенің ата-анасы жоқ?
Әбділлә: Алты нәрсенің ата-анасы жоқ: 1.Адам атаның; 2.Хауа ананың; 3.Әзірет Ысмаилдың; 4.Әзірет Шиш пайғамбардың; 5.Әзірет Салық түйесінің; 6.Әзірет Исаның.
Мәлика: Бұл дуниеде де, ақыретте де жоқ, ол қандай тағам?
Әбділлә: Ол – Әзірет Исаның дуғасымен ауадан түскен балық еді.
Қаншама адам жеп, мұсылман болды.
Мәлика: Қандай намазға азан айту сүннет?
Әбділлә: Бес уақыт намазға, жұма намазға азан айтпақ сүннет.
Мәлика: Неше уақыт намаз парыз?
Әбділлә: біріншә бамдад, екінші бесін, ушінші намаздыгер (Асыр), төртінші намазшам (Шам), бесінші құптан намазы, алтыншы үтір уәжіп. Бес уақыт намаз парыз, үтір уәжіп.
Мәлика: Бамдат намазы бізге қалай парыз болды?
Әбділлә: Адам ата таңертең ерте тұрып шүкір ана етіп екі ракағат таң намазын оқыды. Бізге парыз болды.
Мәлика: Бесін намазы кімнен қалды?
Әбділлә: Ибрайым пайғамбарды Намұрт отқа тастады, бырақ ол отқа күймей саламат шықты, ол шүкір анасына төрт бас намаз оқыды. Содан бізге бесін намазы парыз болып қалды.
Мәлика: Намаздыгер кімнен бізге парыз болды?
Әбділлә: Намаздыгер – Салық пайғамбардан қалды. Ол балық ішінде 40 күн жатты, аман-есен шықты. Ол да төрт бас намаз оқыды. Ол да бізге парыз болды.
Мәлика: Намазшам намазы кімнен қалды?
Әбділлә: Намазшамды үш бас етіп Иса оқыды. Тұрса жәһиттердің қоршаунан құтылыпты, содан бізге үш бас шам намазы парыз болып қалды.
Мәлика: Құптан намазы кімнен қалды?
Әбділлә: Мұса пайғамбар Тур тауына аман-есен барып қайтты. Ол бұл үшін төрт бас намаз оқыды. Ол да бізге парыз болып қалды.
Мәлика: Үтір намазын кім оқыды?
Әбділлә: Біздің пайғамбарымыз Мұхаммед миғражға барғандығы хабары мәлім болды. Ол мұның шукіранасына деп үш бас намаз оқыды, бұл да бізге уәжіп болды.
Мәлика: Намазда неше рукух бар?
Әбділлә: Намазда 32 рукух, 64 сәжде, 72 тәкбір, 288 тәсбі бар. Бұлардың әрқайсысын үштен айту дұрыс.
Мәлика: Түнгі намазды дауыстап оқу, күндізгі намазды іштен оқу бар.
Оның мәнісі не?
Әбділлә: Періштелер барлық намазды дауыстап оқиды. Алла-тағала мұсылмандарға әмір қылды: күндіз іштен, түнде жария, яғни дауыстап оқыңдар, періштелердің сауабына жетесіңдер деп.
Мәлика: Бес уақыт намазда азанда тәкбірда айтылады. Неге жаназа намазында тәкбір айтылмайды?
Әбділлә: Адам дуниеге келгенде Мухаммед саллаһу ъаләйһис уәссәләмнің сүннеті бойынша оң құлағына азан, сол құлағына тәкбір айтып ат қояды. Бұл азан-тәкбір азаны. Сол себептен жаназада азан-тәкбір айтылмайды.
Мәлика: Басқа намазда рукух, сәжде бар, ал жаназа намазда екеуі де жоқ. Мұның себебі неде?
Әбділлә: Алла-тағала кәпірлерге не үшін сәжде жасады деп, реніш білдірді. Сол үшін мүрдеге сәжде қылмас.
Мәлика: Саусақтарын қозғайтын парыз қайсы?
Әбділлә: Саусақтарын қозғайтын ғұслда, таһаратта парыз болды.
Мәлика: Дарияның әсілі не?
Әбділлә: Дарияның әсілі – топан суы.
Мәлика: Түйенің әсілі не, өгіздің әсілі не?
Әбділлә: Түйенің әсілі пейіштен шықты, өгіздің әсілі пейіштен шықты.
Мәлика: Ат пен есектің әсілі не?
Әбділлә: Ат пен есектің әсілі – самал.
Мәлика: Қиямет күніне дейін бірі қашады, бірі қуады, ол не?
Әбділлә: Ол күн мен түн.
Мәлика: Ол қандай ағаш 12 бұтағы бар, әр бұтағында 30 жапырақ. Әр жапырақтың бір беті ақ, бір беті қара?
Әбділлә: Ол ағаш – бір жыл, 12 бұтағы – 12 ай, әр бұтағындағы жапырақ – 30 күн, бір беті ақ, бір беті қара – күн мен түн.
Мәлика: Күні-түні дем алмай жүрер, ол не?
Әбділлә: Бірі - Ай, екіншісі – Күн.
Мәлика: Бұл дүниеде де, ол дүниеде де бар болатын, ол қандай ағаш?
Әбділлә: Ол ағаш – құрма.
Мәлика: Адам атаның қан төккен баласы кім?
Әбділлә: Ол Әбіл, Қабылды өлтірді.
Мәлика: Пайғамбарларға Алла-тағаладан қанша кітап түсті?
Әбділлә: 404 кітап. Оның берілісі 4 кітап.
Мәлика: Осы үлкен кітаптар қайсы пайғамбарларға түсті?
Әбділлә: 1) Таурат – Мұсаға, 2) Забур – Дәуітке, 3) Інжіл – Исаға, 4) Фурхан – Мұхаммед салаллаһу ъалайһис уәссәләмға түсті.
Мәлика: Қанша пайғамбар келді?
Әбділлә: 124 мың пайғамбар.
Мәлика: Оның қаншасы мұрсал, қаншасы нәби?
Әбділлә: Оның 313-і мұрсал, өзгесі нәби. Мұрсал деп Жебрейіл періште арқалы кітап келгендер. Кім түсінде аян көргендер нәби болды.
Мәлика: Неше пайғамбар абзал?
Әбділлә: 20 пайғамбар: Адам, Нұқ, Ыбрайым, Смағұл, Жүніс, Ыдырыс, Лут, Һут, Жақия, Жүсіп, Зәкәрия, Салық, Иса, Сүлеймен, Дәуіт, Ілияс, Қыдыр, Мұса, Жақып, Мұхаммед салаллаһу ъалайһис уәссәләм.
Мәлика: Бұлардың ішінде нешеу абзал?
Әбділлә: Олар төртеу: Ыбрайым, Мұса, Иса, Мұхаммед салаллаһу ъалайһис уәссәләм.
Мәлика: Сопылық кімнен қалды?
Әбділлә: Ыдырыс пайғамбардан.
Мәлика: Ғалымдық кімнен қалды?
Әбділлә: Қызыр пайғамбардан.
Мәлика: Разылық кімнен қалды?
Әбділлә: Смағул пайғамбардан.
Мәлика: Сабырлық кімнен қалды?
Әбділлә: Айюп пайғамбардан.
Мәлика: Шүкірлік кімнен қалды?
Әбділлә: Дауіт пайғамбардан. Сондықтан ол неғмал ғайып деп аталды.
Мәлика: Шүкірлік кімнен қалды?
Әбділлә: Нұқ пайғамбардан.
Мәлика: Кедейлік кімнен қалды?
Әбділлә: Жақия пайғамбардан.
Мәлика: Күйеунің көзіне шөп салып, басқамен жүретін әйелдің зинақорлығы ашылып қалғанда, қарабетке тас ату кімнен қалды?
Әбділлә: Лұт пайғамбардан.
Мәлика: Дәлелің қайсы?
Әбділлә: Лұт пайғамбардың әйелі ғана емес. Ол тұратын сол Седум қаласында жезөкшелер көбейіп, оның сөзіне, уағызына бас имей қойды. Сонда төзімі таусылған Лұт пайғамбар: «Уа, жаратқан ием! Бұл адамгершіліктен, ардан жұрдай болған қарабеттерді қатаң жазалап, тезірек тәубесіне келтірмесеңіз, олар жасап жүрген оңбағандық іс қала адамдарын бұзып, тура жолдан тайдырады. Бір жаза жіберші, Алла-тағалам!» - деп ертелі-кеш жалбарнып, сұраумен болды. Алла-тағала Лұт пайғамбардың бұл тілегін қабыл алып, Седумдық жезөкшелердің жазасын беру үшін өзінің, ең сенімді төрт періштесін жерге жіберді. Төрт періште көркем жігіт кейпінде Лұт пайғамбардың үйіне келді. Оларды көріп қалған Лұттың әйелі басқа зинақорларға хабарлап үлгереді. Сөйтіп қала зинақорлары көрікті жігіттерді көру үшін осы үйге лап қояды. Сонда періштелер Лұт пайғамбарға және оның адал, ақжүрек қауымына қаладан тез шығып кетуін сұрайды. Зинақорлар осында қала берсін дейді. Лұт пайғамбар періштелердің айтқанын істейді. Көп ұзамай өңшең оңбағандар қалған Седумда жер сілкінісі болып, қаланың күл-тақаны шықты. Оған ілесе аспанан тас жауып Седумдық зинақорлар жер бетінен түгелдей тып-тинақ болып жоғалып, жазасын алды. Мұсылманшылықтың шартын бұзып,адалдық жолдан таятын, күйеунің көзіне шөп салатын зинақорларды таспен соғу жазасы, міне, осылай Лұт пайғамбардан қалған.
Мәлика: Таурат кітәбы қанша сүре?
Әбділлә: 9000 сүре, әр сүресінде 800 аят бар. Тауратты түйеге артып жүрер еді. Інжіл 8000 сүре, әр сүресінде 800 аят бар. Забур – 12 000 аят. Фурхан – 6232 аят.
Мәлика: Құранды не себепті фурхан деп атайды? Әбділлә: Құранның әр сүресі бөлек-бөлек түсті. Басқа кітәптар бірден түсті. Сол үшін солай атайды.
Мәлика: Құранды неше жылда түсіп болды? Қайсы сүре алдымен тусті?
Әбділлә: Әуелі Ықра сүресі түсті. Құранның барлық сүрелері жиырма жылда түсіп болды.
Мәлика: Құран неше сүреден тұрады? Әр сүре қалай аталды?
Әбділлә: Құран 114 сүреден тұрады. Әр сүре былай аталады:
1.Беташар (Фатиха), 2.Бақара, 3.Әли Имран, 4.Ниса, 5.Мәида, 6.Әнғам, 7.Әғраф, 8.Әнфал, 9.Тәубе, 10.Жүніс, 11.Һуд, 12.Жүсіп, 13.Рағыд, 14.Ибраһим, 15.Һижр, 16.Наһыл, 17.Исра, 18.Қаһф, 19.Мәриям, 20.Та-һа, 21.Әнбия, 22.Хаж, 23.Муъминун, 24.Нур, 25.Фурқан, 26.Шуара, 27.Нәмл, 28.Қасас, 29.Әнкәбут, 30.Рум, 31.Лұқман, 32.Сәждә, 33.Ахзаб, 34.Сәбә, 35.Фатыр, 36.Йәсин, 37.Саффат, 38.Сад, 39.Зумәр, 40.Ғофир, 41.Фуссиләт, 42.Шура, 43.Зухруф, 44.Духан, 45.Жәсия, 46.Ахқаф, 47.Мухаммәд, 48.Фәтих, 49.Хужурат, 50.Қаф, 51.Зарият, 52.Тур, 53.Нажм, 54 Қамар, 55.Рахман, 56.Уақиғә, 57.Хадид, 58.Мужәдәлә, 59.Хашр, 60.Мумтәхинә, 61.Сафф, 62.Жұмъа, 63.Мунафиқун, 64.Тәғабун, 65.Таләқ, 66.Тахрим, 67.Мулк, 68.Қалам, 69.Хаққа, 70.Мәъариж, 71.Нух, 72.Жин, 73.Муззәммил, 74.Муддәссир, 75.Қиямә, 76.Инсан, 77.Мурсәләт, 78.Нәбә, 79.Назиат, 80.Ъабәсә, 81.Тәкуир, 82.Инфитар, 83.Мутаффифин, 84.Иншиқақ, 85.Буруж, 86.Тариқ, 87.Ъалә, 88.Ғашия, 89.Фәжр, 90.Бәләд, 91.Шәмс, 92.Лаил, 93.Духа, 94.Инширах, 95.Тин, 96.Аләқ, 97.Қадр, 98.Бәйинә, 99.Зилзал, 100.ъадият, 101.Қариъа, 102.Тәкәсұр, 103.Аср, 104.Һумәзә, 105.Фил, 106.Қураиш, 107.Мәъун, 108.Кәусәр, 109.Кафирун, 110.Наср, 111.Мәсәд, 112.Ықлас, 113.Фәләқ, 114.Нас.
Әбділлә: Құранда 6232 аят бар. Оның 1000 аяты пайғамбарлар туралы, 1000 аяты Алла-тағаланың пенделері жайында, 1000 аяты патша туралы, 1000 аяты иман шарттары, 200 аяты адамдар оқыйтын дуғалар, 200 аят сауда-саттық жайында, 100 аят күнахарларды тәубәға келтіру жайында, 100 аят халық ырыс-несібесі туралы, 300 аят мал мен зекет туралы, 600-ден астам аят әйел алу, зинақорлық жайында, 200 аят садақа турасында, сол сияқты қазылар, куәлік, ата-ана мен балалары туралы, шараптың харамдығы жайында әр турлә көлемдегі аяттар бар. Соның ішінде 100 аят ораза туралы.
Мәлика: Жол жүріп бара жатқанда Құран оқуға болама, болмайма?
Әбділлә: Оқуға болады.
Мәлика: Құран кітәбі ескіріп, тозған кезде не істеу керек?
Әбділлә: Таза шүберекке орап жерге көму керек.
Мәлика: Құранның басы, жаны, анасы, ділі, қорғаны, құлпы, шырағы не?
Әбділлә: Құранның басы – таза дәрет, анасы - бата, қорғаны - аятал күрсі, көңілі – иасин, құлпы - ықылас, шырағы – тәсбі, кімде-кім бұларды білмесе, Құран оқуға болмайды.
Мәлика: Меккеде неше сүре түсті?
Әбділлә: Меккеде 87 сүре түсті.
Мәлика: Мухаммед пайғамбар қанша жасады?
Әбділлә: 63 жасқа келді.
Мәлика: Неше жасында Құран келіп, ол пайғамбар болды?
Әбділлә: Оған қырық жасында Құран келді, сөйтіп, қырық жасында пайғамбар болды.
Мәлика: Пайғамбар өмірінде қанша астық жеді?
Әбділлә: 24 батпан.
Мәлика: Мұсылмандардан неше пайғамбар патша болды?
Әбділлә: Бес пайғамбар патша болды: Жүсіп, Дауіт, Сүлеймен, Ескендер Зұлқарнайын, Мұхаммед.
Мәлика: Күн шығыстан күн батысқа дейін патша болған неше кісі?
Әбділлә: төрт кісі патшалық қылды, мұның екеуі мұсылман, ал екеуі- кәпір. Мұсылмандардан Сүлеймен мен Ескендер Зулқарнайын, кәпірлерден – Намурт пен Шиддат.
Мәлика: Жәннәт нешеу?
Әбділлә: Сегіз: Дәріслам, Дәріл қарар, Дәрін нақар, Жәннәтіл наъим, Жәннәтіл фердәуіс, Жәннәтіл мәъун, Жәннәтіл ъадин, Жәннәтіл аъла.
Мәлика: Тозақ нешеу?
Әбділлә: Жетеу: Һауиа, Хатма, Сықыр, Сағыр, Ләзи, Жахин, Жәһаннам.
Мәлика: Неше пайғамбар тірі?
Әбділлә: Төрт пайғамбар тірі: Иса, Ыдырыс, Қыдыр, Ілияс. Ыдырыс пен Иса төртінші қат көкте, олар періштелермен бірге құлшылық жасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын беріп, басқада көмек көрсетеді. Ілияс су апатына ұшырағандарға қол үшін береді.
Мәлика: Қандай қусты өлтіру күнә болады?
Әбділлә: Көк қарға, қарлығаш, байғыз. Көк қарға – Адам атаның баласы еді. Қарлығаш Ыбрайым пайғамбардың отына су сеуіп, көмектесті және Нух топанына көмек жасауға тырысты. Байғыз – Сүлеймен пайғамбарға насихат айтты. Сүлеймен пайғамбар: «Ей, байғыз, сен түнде тыным көрмей дұға оқисың, ол қандай дұға?»-деп сұрады. Байғыз айтты «Ей, адам балалары, жол алыс, жүк ауыр, ақырет үшін амал қылыңдар» деп отырмын. Сүлеймен пайғамбар: «Ей, байғыз адамдарды көрсең неге басыңды шайқай бересің?» «Туылған адамдардың барлығыда өледі, тумағандай болып қалады. Адамды көргенде: «Сендерде өлесіндер» деп басымды шайқаймын. Сүлеймен пайғамбар қайта сұрады: «Ей, байғыз, бидайды неге жемейсің?» «Атаңыз Адам бидайды жеймін деп пейіштен қуылды, сондықтан жемеймін»: «Ей, байғыз, неге су ішпейсің?» «Нух пайғамбардың халқы су апатына ұшрады, сондықтан ішпеймін» - деп жауап берді. Көк қарға, қарлығаш, байғыздың қасиетті болатын себептері осыдан. Сондықтан оларды олтіру де күнә.
Мәлика: Пайғамбардың денесі жерде шіри ме?
Әбділлә: Тек Жүсіп пайғамбардың денесі ғана жерде шірійді. Оның себебі: ол өзінің туған әкесін көргенде, атынан түсіп құрметтемейді. Әр мұсылманға ата-анасын, үлкендерді сыйлау парыз.
Мәлика: Шешесіз туған қай пайғамбар?
Әбділлә: Шиш пайғамбар.
Мәлика: Оның себебі қалай?
Әбділлә: Оның себебі: бір күні Адам ата мен Хауа ана сөзге келісіп, таласып қалады. Хауа ана бұған келіспеді: «Жоқ, сенен емес, меннен болды» деді. Бұдан кейін Адам ата өзінің шәуәтін алып, бір шыны ыдысқа құйды. Содан кейін тоғыз ай он күн өткеннен кейін ыдысты ашып қараса, онда бір ұл пайда болған екен. Оның атын Шиш қойды.
Мәлика: Әзірет Адам атадан тараған 16 пайғамбар қайсы айда, қайсы күні туды? Олар неше жыл өмір сүріп, опат болды?
Әбділлә: Әзірет Адам ата мұһәррәм айында жұма күні денесіне жан кірді және мұһәррәм айының 11 күні опат болды. Шиш нәби ъаләйһи уәссәләм мұһәррәм айының 10 – шы күні дуниеге келді. 912 жыл өмір сүріп, жалған дуниеден қайтты. Ыдырыс пайғамбар зүлһіжжә айында дүйсенбі күні туып, 450 жыл өмір сүріп, мұһәррәм айының 12-сі жексенбі күні пейішке кірді, алтыншы көкте Нух, Ыдырыс екеуі жур. (Ескерту: Ыдырыс пайғамбар күні-түні дуға оқып: Алла-тағаладан сұрады «Мен өліп тірілгенді және пейішті өз көзіммен көрсем, сойтіп, қайтып өз орныма келсем». Дуғасы қабыл болды Алла-тағала Әзрейілді жіберді. Ол намаз оқып отырғанда келді, тұрмады, оны Әзрейіл түртіп тұрғызды. Сонан соң, бір тауға әкелді. Өлтіріп тірілтті, сосын пейішке апарды. Айналасының бәрін көрді, жақсы, не керектің бәрі бар, қайтқысы келмеді. Әзірейіл орнына апарып тастамақшы болып еді, Алла-тағаладан хабар келді. Ол: «Бір өлген, екінші рет өлмейді, қалғысы келсе, қалсын» деп рұқсат етті. Содан Ыдырыс пайғамбар пейіште қалып қойды). Әзірет Жүніс пайғамбар мұһәррәм айының 10 – шы дүйсенбі күні дуниеге келіп, 750 жыл өмір сүріп, мұһәррәм айының онында опат болды. Дауіт пайғамбар 100 жыл жасап, зүлһіжжә айында көз жұмды. Сүлеймен пайғамбар 170 жыл өмір сүріп, дүниеден озды. Зәкария пайғамбар рамазан айында туылып, 300 жыл жасаған, сол рамазан айында дүниеден қайтты. Ыбрайым пайғамбар 100 жасап, зүлһіжжә айында зүлһіжжә айында о дуниеге көшті. Ысмайыл пайғамбар 400 жыл өмір сүріп, рамазан айында бұл дуниеден қайтты. Сах пайғамбар 104 жыл жасап, мұһәррәм айында бесінші көкке ұшып кетті, Жақып пайғамбар 120 жыл жасап пейіштен орын алды. Әзірет Жүсіп ережеп айында дүниеге келіп,130 жыл жасап, өмірден көшті. Әйюп пайғамбар 140 жыл өмір сұрді. Мұса пайғамбар ережеп айында туылып,120 жыл жасады. Иса пайғамбар 80 жыл жер бетінде өмір сүріп, ережеп айының 7-сі күні көкке көтерілді. Ол екінші көкте Жақия мен бірге жур. Екеуіде қиямет күніне дейін тірі болады. Мухммед пайғамбар Рәббіьүл-әууәл айының 12-ші дүйсенбі күні дуниеге келіп, 63 жыл өмір сүріп, Рәббіьүл-әууәл айының 14-ші күні ол дүниеге кетті.
Мәлика: Өзі отқа да, Нұрға да ұқсамайды, ол не?
Әбділлә: Әзірет Мұса пайғамбардың қолдары еді.
Мәлика: Кеште, күндізде болмайтын не нәрсе?
Әбділлә: Ол пейіштегі бізге көрінбейтін күндіз бен түн.
Мәлика: Періштелер еркек пе ұрғашы ма?
Әбділлә: Періштелер еркек пе ұрғашы ма деп сұраудың өзі күпірлік болады. Оны бір Алланың өзі біледі. Періштелердің Періштелер еркек пе ұрғашы ма ішуі, жеуі тек Алла-тағаланың зікірі ғана.
Мәлика: Он сегіз мың ғалам дегені не?
Әбділлә: Жеті хат көк, аспандағы қустар - он сегіз мың ғалам деп аталады.
Мәлика: Неше нәрсеге атасы жоқ келді-кетті?
Әбділлә: Олар бесеу: Адам ата, Хауа ана, Смағұлдың қошқары, Салық пайғамбардың түйесі, Мұса пайғамбардың таяғы.
Мәлика: Қырық күн дариядағы балықтың ішінде жатқан кім? Әбділлә: Ол – Жүніс пайғамбар, балық жұтып қойып, балық ішінде құлшылық қылған. Содан аман-есен жарық дүниеге шықты.
Мәлика: Қайсы пайғамбар жермен көктің арасында намаз оқыды?
Әбділлә: Сүлеймен пайғамбар.
Мәлика: Қырық жаста сақалы қара, ал 120 жасында баласының сақалы ақ кім еді?
Әбділлә: Ол Узайыр пайғамбар еді. Қырық жасында Алла оның жанын алды. 80 жылдан кейін қайта тірілтті. Сол кезде баласының сақалы, өзінікі қара еді.
Мәлика: Халық қайсы рахматтан қашады?
Әбділлә: Ол-рахмат–жаңбыр еді. Халық одан қашады.
Мәлика: Қайсы өсекті халық сұрайды?
Әбділлә: Ол өсек дегеніміз - мал мен қыз. Қалайда олардың үстінен өсек болмай қоймайды. Оған дәлелім Құранда: «Инна амуалакум уа ауладакум фитнатум» деп көрсетілген.
Мәлика Әр адам өзі туралы өсек тарағанда не істеуі керек?
Әбділлә: Хадисте былай делінген: «Әр бір адам өзі туралы өсек тараған кезде бей-тарап бола білсе, яғни өсектен сақтана білсе, өсек тарағанда сабыр сақтаса, ол адам екі дүниеде де жақсылық иесі болады». Осы дұрыс.
Мәлика: Қайсы нәрсе көріңе бірге барады?
Әбділлә: Иман.
Мәлика: Көктен жоғары тұратын не?
Әбділлә: Күпірлік сөйлеу.
Мәлика: Ол не нәрсе қияметке дейін қалмайтын?
Әбділлә: Күн мен тун.
Мәлика: Дуниедегі ашшы не?
Әбділлә: Жоқшылық.
Мәлика: Дуниедегі қатты не?
Әбділлә: Байлық.
Мәлика: Дүниенің кеңдегі не?
Әбділлә: Патшаның әділдігі, ғалымдардың ғылымы, байлардың қайыр-сахабаты, жақсы адамдардың дұғасы.
Мәлика: Жер үстінде құрылыс көп пе, ойран болу көп пе?
Әбділлә: Ойран болу көп. Өйткені барша құрылыс ойран болып, тозып бітеді.
Мәлика: Өлік көп пе, тірі көп пе?
Әбділлә: Өлік көп. Өйткені барлық жан иесі есебінде.
Мәлика: «Мин мүсін, мусылманбысың?» деген не?
Әбділлә: Иман келтіру мен мин болады, пайғамбардың шариғатына кірумен мұсылман болады.
Мәлика: Дінге қауып төнеді, ол кімдерден?
Әбділлә: Дінге үш түрлі адамнан қауып төнеді: 1) ниеті бузық ғалымнан, 2) залым патшадан 3) өзін білермен санайтын сопыдан. Бұлар туралы хадисте былай делінген: «Алдынғы екеуі қоғам ісіне байланысты. Залым ғалымда, залым патшада халықтың арасына іріткі салып, шындықты бұрмалайды, ел ішінде алауыздық таратады. Ал үшіншісі – надан сопы ғылымнан хабары жоқ болса да, ешқандай қатысы жоқ істерді дінмен байланыстырып, өзінің жеке басының муддесі үшін басқаларға тұзақ құрады. Басына сәлде орап, үстіне ала шапан киіп, дін тонын жамылады да, пайда іздейді. Бұл қауіптің ең зоры».
Мәлика: Адамның сәтсіздікке ұшрауының себебі болатын жеті түрлі іс бар, олар қандай істер?
Әбділлә: Бұлар: 1) күдік күмән, 2) сиқыр, сиқырлау, 3) тойымсыз нәпсі, 4) өсімқорлық, 5) жетімнің ақысын жеу, 6) жаумен шайқасқанда тайсақтап қашу, 7) ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу. Бұлар жайында хадисте айтылған. Және: «Әр адам терең ойланып, әдепті болуы, жақсы істерді өзіне лайық істеуі адамгершілік болады» деп көрсетілген. Шынайы мұсылманға жаман істен қашпақ керек.
Мәлика: Ниеті бузық адамды қалай білесіз?
Әбділлә: Бұл жөнінде хадисте айтылған: оның басты үш белгісі бар: 1) өтірік айту, 2) уәдесінде, яки сөзінде тұрмау, 3) аманатқа қиянат жасау. Ниеті таза, иманды адам болу үшін мұндай істерден сақтануы керек.
Мәлика: Дуниеде неше нәрсе бәділ болады?
Әбділлә: Жиырма үш нәрсе өз пиғылынан бәділ болды.
Мәлика: Олар қайсылар?
Әбділлә: Бір адам халық арасында сайтандық қылық жасап, сондай жаман істер істеді. Бір адам пайғамбардан жасырынды. Аю бір адам еді, бәни ысырайыл қауымына харамдық қылды. Маймыл бір адам еді, Иса пайғамбарға сенбеді. Доңыз бір адам еді – қоқыр-қорсық (қоқыспен) пен айналысты. Түлкі бір адам еді – ұрлық қылды. Өрмекші бір адам еді – қанағатсыздық етті. Арыстан бір адам еді – кебін союшы болды. Қашыр бір адам еді – артық алып, артық өлшеп, кем берді. Тоты бір адам еді – өзінің келісті жаратылысын елге мақтанып көрсетті. Тышқан бір адам еді – көп сөйлеуші еді. Жарқанат бір адам еді – жора-жолдастарының арасында өсек тасыды. Піл бір адам еді – ол надан бай болды. Әркім өз пиғылынан тауып, қарғысқа ушрап, адамнан басқа нәрсеге өзгерді.
Мәлика: Ғалым ба, мал ма, қайсысы абзал?
Әбділлә: Ғалым абзал. Сондықтан абзал адам ғылым иесімен дос болады. Мал иесімен душпан болады. Малға көңіл бөлсең-керісінше болады. Ғылым иесі қиямет күні шапағатқа яки жақсылыққа ие болады.
Мәлика: Хауа ананы Адам атаның ішінен жаратты ма, сыртынан жаратты ма?
Әбділлә: Ішәнен жаратты. Егер тысынан жаратса, еркектер секілді әйелдер де жалаңаш жүрген болар еді.
Мәлика: Еркектен тыс болды, тысынан еркек болды, ол кім?
Әбділлә: Адамнан Хауа болды. Мариамнан Иса болды.
Мәлика: Екі нәрсе естиміз, ол не?
Әбділлә: Жұмақтың нығметін мұсылмандар естиді. Тамұқтың азабын кәпірлер естиді.
Мәлика: Тоймайтын нәрселер бар, олар не?
Әбділлә: Көз қараудан тоймайды, еркек зағипадан тоймайды, от отынан тоймайды, ғалым ғылымнан тоймайды, бай малдан тоймайды, адам өмірден тоймайды.
Мәлика: Жан қай жерден кіріп, қай жерден шығады?
Әбділлә: Жан көкректен кіріп, ауыздан шығады.
Мәлика: Неше нәрсе адамға пақырлық келтіреді?
Әбділлә: 1) өтірік сөйлесе, 2) өтірік ант ішсе, 3) арам күйінде тамақ жесе, 4) кез келген шөппен тісіні шұқыса, 5) нан үгіндісін жерге тастаса 6) қолын жумай тамақ жесе, 7) ата-анасын атымен атаса, 8) дәрет алған жерге намаз оқыса, 9) шалбарын түрегеп тұрып кисе, 10) үрлеп шам өшірсе, 11) етегімен бетін сүртсе, 12) ғылымды қорласа – осылардың бәрі де адам баласына пақырлық келтіреді.
Мәлика: Әйелдердің неше түрлі пиғылы бар? Олар қайсылар?
Әбділлә: 1) отқа мінуді көксеу, 2) аманатқа қиянат жасау, 3) өзінің қожайынына қанағат қылмау, намаз оқымау, 4) қоңызға құмарту, 5) маймылға ұқсап, әркімнің бетіне күле қарау, 6) есекке ұқсау- бұл сөзге құлақ аспайтын әйелге қаратылып айтылған, 7) сайтанға ұқсайды, өйткені көршілерді өсекпен ұрыстырады. Әйелдер осындай іс пиғылдан аулақ болғаны жөн.
Мәлика: Жумақ кімдерге лайық?
Әбділлә: Ораза ұстағандарға, жаман сөзден тілін сақтағандарға, Құран оқығандарға, аш адамға тамақ бергендерге, жас уақытында тәуба қылғандарға, сиқырдан аулақ болғандарға, өзіне жақсылық болсын дегендерге, өзгеге жақсылық болсын дегендерге, міне осындай адамдарға жұмақ лайық.
Мәлика: Төрт сұрақ сұрап, төрт жауап айтты, ол кім?
Әбділлә: Ол – Мұса пайғамбар. Мұса пайғамбар айтты: «Ей, Алла-тағала адамдарға саулық бердің, бырақ ауру бермесең не болар еді?» Алла-тағала былай деп жауап қайырды: «Ей, Мұса адамдарға саулық беріп, ауру бермесем, мені ешкім де есіне алмас еді» «Ей, Алла-тағала, бізге тіршілік бердің, өлімді бермесең болмас па еді?» Алла-тағала былай деп жауап қайырды «Ей, Мұса, тіршілік беріп, өлімді бермесем, халық меннен қорықпас еді». «Ей, Алла-тағала адамдар үшін жумақты жараттың, бырақ тозақты жаратпай-ақ қойсаң болмас па еді?» Алла-тағала айтты: «Ей, Мұса, егер тозақты жаратпасам, ешкім менің рахымымнан үміттен бес еді».
Мәлика: Пейіште не болмайды?
Әбділлә: Пейіште ауру-сырқау, ұйқы жоқ.
Мәлика: Ол не нәрсе жоғарыда тұрады, жерге түспейді, ауаға ұшпайды?
Әбділлә: Ол – Меккедегі қара тас.
Мәлика: Сүлеймен пайғамбар мен мәслихат құрған кім, ол еркек па, ұрғашы ма?
Әбділлә: Құран шәріфте хабар бергеніндей, ол ұрғашы құмырсқа еді.
Мәлика: Молдалар абзал ма, аулие ме?
Әбділлә: Білімді молдалар абзал.
Мәлика: Ұйқы кісіге рахат екен, онда пейіште неге ұйқы жоқ?
Әбділлә: Ұйқы – өлімнің жолдасы, аурудың басы, сол себептен ұйқы пейіште болмайды.
Мәлика: Дарақтың түпкі сыйпаты не?
Әбділлә: Оны Алла-тағала жаратты – ол Мұхаммед пайғамбардың орны.
Мәлика: Кәусәр деген не?
Әбділлә: Ол бір үлкен һауіз, сүттен ақ, балдан тәтті.
Мәлика: Бір халықтың кесесін толтыратын, бырақ өз кесесі бос болатын кімдер?
Әбділлә: Ол мынадай кісі: басқаларға мақтанып қайыр қылады, ал өз бала-шағасына ештеңе бермейді.
Мәлика: Алдында тағам бар болсада, оны өзі жемейді, аш отырады, сонда да ол, әлігі тағамын басқаларға береді, бул қандай адам?
Әбділлә: Бұл ақырзамандағы молдалар, олар халыққа насихат айтады, бырақ өздері амал қылмайды.
Мәлика: Төсектен кіріп шыға алмайды. Бұл қандай нәрсе?
Әбділлә: Бұл – жаман сөз. Ауыздан шыққан жаман сөз қайтып орнына келмейді.
Мәлика: Бір семіз ешкі әр уақытта анасын емгенше арыз қылар. Ол не?
Әбділлә: Олзалым патша, ол халықтан зорлықпен қазынасын толтырады. Мұндай қазынадан бұл дүниеде де, ол дүниеде де пайда жоқ.
Мәлика: Бір жылан қасына барғанда, зәрін шаша қорқытсада, бірақ одан ешкім қашпайды. Бұл не?
Әбділлә: Бұл – дуние-мал, ол әрқашан иесінің басын өлімге байлайды, бірақ жинағанын қоймайды.
Мәлика: Жатарда жатып айқайлайтын бала кім?
Әбділлә: Ол - ақырзаман баласы, ата-анасынан артық біліп отырады.
Мәлика: Екі қасап: бірі – семіз, бірі арам ет сатады. Кейбіреулер семіз адалын алмайды, арамын алады. Бұл кім?
Әбділлә: Ол – маңдай терімен тапқан адал ақшасына арақ-шарап сатып алып, ішетін адам.
Мәлика: Үш адам бір анадан туған, бірінің сақалы ақ, екіншісінің (ортаншысының) сақалы жартысы ақ, жартысы қара, үшіншісінің сақалы бәрі қара, бұл қалай?
Әбділлә: Кішкенесінің сақалы ақ болмағы – қатыны нәкәс тілді. Екіншісінің әйелі бірде жақсы болса, бірде жаман, оның сақалының жарымы ақ, жарымы қара болуы содан. Ең үлкенінің сақалы бәрі қара болуы бұл кісінің қатыны орынсыз сөйлемейтін пәруана «Сіздікі дұрыс, отағасы» деп тұратын сыпайы әйелдерден.
Мәлика: Патшаларға не жақсы?
Әбділлә: Әділдік жақсы. Мысалы, Ыбырайым баласы Ысмайылдың заманында бір патша болған еді. Аты – Әбді. Сол патшаның заманында бір адам бір кісіден жер сатып алады. Сатып алған адам жерін айдағанда топрақ астынан көп алтын ақша табылады. Жерді сатып алған адам оның бұрынғы иесіне барып: «Сенің жеріңнен көп алтын ақша табылды. Жер сенікі болған соң, алтын да сенікі болады ғой. Мен сенен жер сатып алдым, алтын ақшаларды сатып алғаным жоқ. Сондықтан мына алтындарды ал» деді. Бұрынғы жер иесі бұған келіспейді: «Алтындар сенікі» дейді. Ақырында екеуі әділдік сұрап патшаға барады. Сонда патша былай деп келісім айтады: «Біреуіңде қыз, екіншіңде ұл бар екен, сол алтын солардың қалын малы болсын». Семья құрған екі жас әлігі алтынның біразына жер сатып алып, бақ отырғызады. Содан бұл саялы мекен-«Махаббат бағы» деп атанып кетіпті.
Мәлика: Пейішті неден тұрғызған?
Әбділлә: 1. Дәріслам – қызыл жақұттан; 2. Дәрил қарар – күмістен; 3. Жәннәтіл нағимды – замруттан; 4. Жәннәтіл ғадинді – лағылдан; 5. Жәннәтіл мәғуиді – гауһардан; 6. Дәрін нақарды – нурдан; 7. Жәннәтіл фердәуісті – зубаржаттан; 8. Жәннәтіл ағланы – алтыннан тұрғызған.
Мәлика: Жұмақ қайда орналасқан?
Әбділлә: Пейіш жаратылғаннан бері жеті қат көктің үстінде еш жерге тимей тұрады. Бір бірінің үстінде әрбір пейіштің екі дарашасы бар. Әрбір дарашасының арасы мағрібтан машриққа дейін созылып жатыр. Әр әйнекте Нұрмен жазылған дуға сөздері бар.
Мәлика: Пейіштің сипаты қандай?
Әбділлә: Әр адамның жайы бір қышы алтыннан, бір қышы күмістен, бір қышы лағылдан, лайы анардин. Тастары меруерттен. Өсімдіктері зағыпыраннан, жемісті ағаштары кейбірі кіші, кейбірі ұзын, денесі алтыннан. Жапрақтары күмістен, лағыл-жұбаржаттан. Марсық қылынған жапрақтары бірі – қызыл, бірі ақ, кейбірі көк, кейбірі сары, кейбірі жасыл - түрлі түсті, таустың қанатындай сан құбылада. Әр қайсысында жемістері мол. Қанша жесеңде таусылмайды. Езіліп кетпейді, бір қалыпты пісіп тұрады. Қайсысын жегің келсе, алдыңда дайын тұрады. Әр пейіштің арықтарында сүттен ақ, балдан тәтті шәрбәттар ағып жатады. Пейіштің үйі 70 түрлі сарай, барлығы алтыннан, лағылдан жасалған. Әр сарайдың үлкендігі бір айлық жер. Әр сарайда 1000 жай, әр жайда бір тақ бар. Ол тақта әр түрлі төсек, 2000 түрлі жастық жатады. Әр құжырада 1000 һур қызы қызмет етеді.
Скачать 54.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




База данных защищена авторским правом ©vossta.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница