Қызметтерді сатып алу туралы шарт



страница1/4
Дата18.03.2018
Размер0.89 Mb.
#15403
  1   2   3   4





Қызметтерді сатып алу туралы шарт

№______________




Ақтау қ.

«___»__________ 201__г.

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы, оның атынан 11.12.2017 ж. № 227 бас сенімхат негізінде әрекет ететін Маңғыстау облыстық РадиоТелехабар тарату Дирекция филиалының директоры Кенжебаев А.Т. бір тараптан және

бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, оның атынан __________ негізінде әрекет ететін __________ _______________ ______екінші тараптан,

бұдан әрі бірлесе «Тараптар», ал жеке-жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталып,

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 102 хаттамасы) «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын» (бұдан әрі – Қағида) және _______ тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы _____ ж. «___» ____ №_____ хаттаманы басшылыққа ала отырып,

қызметтерді сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) төмендегілер жайлы жасасты:



1. Шарттың мәні

1.1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өзіне Тапсырыс берушіге егжей-тегжейлі тізбесі, көлемі мен көрсету талаптары, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа № 1, № 2 қосымшаларда сипатталған қызметтер көрсетуге (бұдан әрі – Қызметтер) міндеттеме қабылдайды, ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметтерді Көрсетілген қызметтер актісі (бұдан әрі – Акт) бойынша қабылдауға және Шарт талаптарына сай, уақытылы төлем жасауға міндеттенеді.

1.2. Қызметтерді көрсету мерзімі Шарттың № 1 Қосымшасында көрсетілген.

1.3. Қызметтер Тараптар Актіге қол қойған сәттен бастап тиісті түрде көрсетілген болып болып саналады.


2. Шарттың құны және төлем шарттары

2.1. Шарттың жалпы сомасы _____________________ теңгені құрап, осы Шарттың 2.3. т. көрсетілген Қызметтер құнын, шығыстарды, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған салықтар мен алымдар, <оның ішінде ҚҚС-мен қоса/ҚҚС-сыз>, (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды және Қағидаларда қарастырылған жағдайларды қоспағанда, көбейту жағына қарай өзгертуге жатпайды.

2.2. Қызметтерін төлемін Тапсырыс беруші Орындаушының осы Шартта көрсетілген деректемелері бойынша ақша аудару жолымен мына тәртіпте жүргізеді:

Тараптар Актіге қол қойған және Орындаушы Шарттың 2.5. т. көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап Қызметтерді көрсету фактісі бойынша 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.

2.3. Шарттың сомасына: Орындаушының Қызметтерді көрсету үшін қажетті кез келген шығындарының, қажетті материалдардың, сондай-ақ Шартты жасасумен және орындаумен байланысты Орындаушының барлық/кез келген шығындарының құны кіреді.

2.4. Орындаушының шоттарды, Актіні және төлем алдындағы басқа да құжаттарды ұсынбауы, уақытында ұсынбауы, дұрыс рәсімдемеуі Тапсырыс берушіні Шарт бойынша төлемді кешіктіргені үшін жауапкершіліктен босатады.

2.5. Төлем алдында қажет болатын құжаттар:

1) Тараптар қол қойған Шарт;

2) Тараптар қол қойған Акт;

3) ұсынылған Қызметтердің егжей-тегжейлі сипаттамасы бар есеп;

4) өзге де құжаттар.

3. Тараптардың міндеттемелері

3.1. Орындаушы міндеттенеді:

1) Қызметтерді жеке өзі Шартта қарастырылған талаптар мен мерзімдерде көрсетуге;

2) Қызметтерді білікті қызметкерлер тарта отырып көрсетуге;

3) Қызметтер көрсету талаптарындағы кез келген өзгерістер туралы Тапсырыс берушіге жазбаша түрде дереу хабардар етуге;

4) Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша Тапсырыс беруші көрсеткен мерзімдерде жазбаша/ауызша түрде Шарттың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

5) Тапсырыс берушінің қол қоюы үшін Шарттың 4.1. т. көрсетілген мерзімдерде Акт жасап, ұсынуға;

6) Орындаушы Қызметтер көрсетуді аяқтаған бойда немесе Шарттың іс-әрекетін мезгілінен бұрын тоқтатқан кезде Тапсырыс берушінің талабы бойынша көрсетілген Қызметтер туралы есепті бұл туралы хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынуды;

7) Қызметтер көрсету үдерісінде қолданыстағы заңнама мен іскерлік этика нормаларын қатаң ұстануға, Тапсырыс беруші мүддесіне адал әрі білікті әрекет етуге;

8) өз жұмыскерлерінің және/немесе Шарт бойынша Қызметтер көрсету үшін тартылған үшінші тұлғалардың әрекетіне/әрекетсіздігіне жауапкершілік арқалауға;

9) Қызметтерді Акт бойынша Тапсырыс берушіге тапсырған сәтке дейін Қызметтер нәтижесінің кездейсоқ құруы (жоғалуы) немесе кездейсоқ зақымдануы (бүлінуі) тәуекелі үшін жауапкершілік арқалауға;

10) Тапсырыс берушіге Қызметтердің нәтижесімен бірге Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге қатысты, егер ақпарат сипаты онсыз Шартта көрсетілген мақсаттар үшін Қызметтер нәтижесін пайдалану мүмкін еместей болса, барлық ақпаратты беруге;

11) Шарт күшіне енген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты/материалдарды ұсыну талабы бар, керек ақпарат/материалдардың тізбесін және ондай ақпарат/материалдарды ұсыну қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып, сұрау салу жіберуге;

12) Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді.
3.2. Орындаушы құқылы:

1) осы Шарттың талаптарына сәйкес Тапсырыс берушіден уақытылы төлем жасауды талап етуге;

2) осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындауға қажетті қосымша ақпаратқа сұрау салуға құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші міндеттенеді:

1) Орындаушының мамандарына осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін Тапсырыс Берушінің объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

2) Шарт талаптарына сәйкес тиісті түрде орындалған Қызметтерді қабылдап, уақытылы төлем жасауға міндеттенеді.
3.4. Тапсырыс беруші құқылы:

1) Орындаушыдан Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындауды талап етуге;

2) Орындаушыдан Шарттың 3.1. т. 4) тт. сәйкес көрсетілген Қызметтер туралы есептер ұсынуды талап етуге;

3) Орындаушының Қызметтер көрсету тәртібіне ұсыныстар енгізуге;

4) кез келген уақытта Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде біржақты тәртіпте осы Шарттың 9.1. т. сай Орындаушыға бұл туралы жазбаша хабарлама жолдау арқылы Шартты орындаудан бас тартуға;

5) Шарт бойынша Орындаушыға да, Шарттағы міндеттемелерді орындау үшін Орындаушы жұмысқа тартқан үшінші тұлғаларға да талаптар қоюға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Көрсетілген Қызметтерді қабылдау тәртібі

4.1. Шарттың 1.2. тармағында көрсетілген Қызметтерді көрсету мерзімі өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Орындаушы Тапсырыс берушіге қол қою үшін екі данада Орындаушы Қызметтерді тиісті түрде орындағанын растайтын құжат (Тапсырыс беруші оған қол қойғаннан кейін) болып табылатын Актіні ұсынады.

4.2. Тапсырыс беруші Шарт бойынша Қабылдау-тапсыру актісін алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге өз тарапынан қол қойылған Қабылдау-тапсыру актісін немесе оған қол қоюдан себептемелі бас тартуды жолдайды. Актіге қол қоюдан себептемелі бас тарту алған жағдайда Орындаушы Тараптар қосымша жазбаша келіскен/Тапсырыс беруші көрсеткен (қажеттісін таңдау) мерзім ішінде анықталған кемшіліктерді жоюды міндетіне алады. Кемшіліктерді өтеусіз жою туралы жоғарыда көрсетілген талаптардың орнына Тапсырыс беруші Қызметтердің нәтижелерін қабылдау кезінде кемшіліктер тапқан кезде өз таңдауы бойынша төмендегілерді талап ете алады:

1) Қызмет үшін қойылған бағаны соған тең мөлшерде азайтуды;

2) сондай кемшіліктерді жоюға кеткен, оларды жеке өзі/үшінші тұлғаларды тарта отырып жоя алады, өз шығындарының орнын толтыруды, оның ішінде Орындаушыға тиесілі сыйақы бөлігінен сондай шығындар сомасын ұстап қала алады.

4.3. Қызметтер нәтижесінің жойылуының (жоғалуының) немесе кездейсоқ зақымдануының (бүлінуінің) тәуекелі Орындаушыдан Тапсырыс берушіге Тапсырыс беруші Актіге қол қойған сәтен бастап ауысады.

4.4. Тараптар Қызметтерді қабылдау кезінде Тапсырыс беруші таба алмауы мүмкін жасырын кемшіліктерге қатысты, Тапсырыс беруші Орындаушыға Актіге Тараптар қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде, ал Орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты, Актіге Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде оларды жою туралы талаптар ұсынуға құқылы. Мұндай жағдайда Орындаушы анықталған кемшіліктерді Тараптар қосымша жазбаша келіскен/Тапсырыс беруші көрсеткен мерзім ішінде өтеусіз жоюды міндетіне алады, бұл мерзім қандай жағдай болмасын 15 (он бес) күнтізбелік күннен артық болмауы тиіс.
5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Шарт бойынша өз мойнына алған міндеттемлерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Шартта қарастырылған, ал онда қарастырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік арқалайды.

5.2. Орындаушы орындау мерзімі бар, Шарт бойынша міндеттемелерін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін Шарт сомасынан 0,1% мөлшеріндегі өсімақы, орындау мерзімі жоқ міндеттемелер бойынша – Шарт сомасынан 20% мөлшеріндегі айыппұл, егер Орындаушы жауапкершілігінің өзге мөлшері Шартта қарастырылмаса, төлеуді талап етуге құқылы.

5.3. Тапсырыс беруші Шартты орындаудан/Шартты бұзудан біржақты бас тартқан жағдайда Орындаушы тиісті жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынған ақшаны көрсетілмеген, Көрсетілген Қызметтер актісі бойынша Тапсырыс беруші қабылдамаған бөлігінде қайтаруға міндетті.

5.4. Тұрақсыздық айыбын (өсімақы, айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттмелерін орындаудан босатпайды.

5.5. Тұрақсыздық айыбын есептеу және ұсыну Тараптардың міндеті емес, құқығы болып табылады, егер ұсынылмаған болса, онда ол төлем есептеуге және төлем жасауға жатпайды.


6. Дауларды шешу

6.1. Тапсырыс беруші және Орындаушы Шарт бойынша немесе онымен байланысты өз араларында туындаған барлық келiспеушiлiктер мен дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешу үшiн бүкіл күш-жігерлерін салулары тиіс.

6.2. Дауларды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар Алматы қаласының Мамандандырылған Ауданаралық Экономикалық сотына қарауға беріледі.
7. Еңсерілмес күштің жағдаяттары

7.1. Егер Тараптардың қандай да біреуіне Шарттың 7.2. т. көрсетілген еңсерілмес күш жағдаяттары Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтірсе немесе кешіктірсе, онда Шарт бойынша міндеттемелерді орындау сондай жағдаяттар созылған тең мөлшерлі уақытқа және олар Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға қаншалықты дәрежеде кедергі келтірсе немесе кешіктірсе, соншалықты дәрежеде тоқтатыла тұрады.

7.2. Шарт мақсаттары үшін еңсерілмес күш жағдаяттары өрттерді (Тараптардың қылмыстық ұқыпсыздығы немесе салақтығы салдарынан болғандарды қоспағанда), су тасқындарын, жер сілкіністерін, соғысты (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғыстарын немесе жаппай тәртіпсіздіктер, сондай-ақ нәтижесінде Шарт бойынша міндеттемелерді уақытылы орындау мүмкін емес болуы ықтимал Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін қабылдауды қоса алғандағы, бірақ тек бұлармен шектелмейтін, Тараптардың саналы бақылауынан тыс болатын кез келген жағдаяттарды білдіреді.

7.3. Еңсерілмес күш жағдаяттары басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша міндеттемелерді орындауда кедергілері бар Тарап екінші Тарапты еңсерілмес күш жағдаяттарының басталғаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.

7.4. Егер Тарап осы Шарттың 7.3. т. белгіленгендей хабарлама жасамаса, еңсерілмес күш жағдаяттары нәтижесінде мұндай Тарап үшін екінші Тарапқа хабарлама жіберу мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, ол еңсерілмес күш жағдаяттарына сілтеме жасау құқығын жоғалтады.

7.5. Жалпыға белгілі сипатқа ие еңсерілмес күш жағдаяттары қосымша дәлелдеуді немесе хабардар етуді талап етпейді. Еңсерілмес күштің барлық басқа жағдаяттарына қатысты дәлелдерді мүдделі Тарап ұсынады. Осындай жағдаяттар туралы және олардың ұзақтығын куәландыратын дәлелдер Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе өзге де құзыретті орган берген құжаттар болып табылады.

7.6. Еңсерілмес күш жағдаяттары тоқтағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оған тартылған Тарап екінші Тарапты еңсерілмес күш жағдаяттарының тоқтағаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс және өз міндеттемелерін орындауды қалпына келтіруі тиіс. Егер еңсерілмес күш жағдаяттары олар басталған күннен бастап 1 (бір) айдан астамға созылса, Тараптардың кез келгені екінші Тарапты бұл туралы Шартты бұзудың болжалды күніне дейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар ете отырып, осы Шартты орындаудан біржақты, соттан тыс тәртіпте бас тартуға құқылы. Бұл ретте, Орындаушы Тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде, Тапсырыс беруші төлеп қойған соманы, одан нақты көрсетілген, Тапсырыс беруші Қызметтер Актісі бойынша қабылдаған жұмыс сомасын шегере отырып, қайтаруға міндеттенеді.


8. Құпия ақпарат

8.1. Тараптар келіссөздер жүргізу, Шарт жасау және орындау барысында басқа Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық және басқа да ақпараттардың құпия мәліметтерін көпке жария қылмауды міндеттенеді (бұдан әрі – Құпия ақпарат).

8.2. Тараптар үшінші тұлғаға Құпия ақпаратты ашуға ниеттенсе, ол туралы Құпия ақпараттың иесі болып табылатын басқа Тарапты бұл туралы ескертуі және Құпия ақпаратты ашуға алдын ала жазбаша келісімін алуы, сондай-ақ үшінші тұлғадан уақытында оған ұсынылған Құпия ақпаратты көпке жария етпеу туралы жазбаша міндеттеме алуы тиіс.

8.3. Тараптар үшінші тұлғаларға Шарттың мазмұнымен байланысты Құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді, мұның ішіне Тапсырыс беруші өзінің контрагент (тер) іне, шарт бекіту құралы контрагенттің (тердің) үшінші тұлғаларға алынған/алынатын құпия ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелерді қабылдауы болып табылатын мұндай тұлға (лар) мен келісім (дер) бекітілген болса, мұндай ақпаратты жариялау жағдайлары, сондай-ақ мұндай жария ету Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген, я болмаса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салуларының негізінде жүзеге асырылатын жағдайлар кірмейді. Шарттың осы бөлімінің талаптары бұзылған жағдайда, кінәлі Тарап екінші Тарапқа Құпия ақпаратты жария ету арқылы келтірілген, барлығы құжаттай дәлелденген шығындарды өтеуге міндетті.

8.4. Орындаушы мен Тапсырыс берушінің жұмыскерлері Шарт мақсаттарына қол жеткізуге қаншалықты қажетті болса, тек сол шамада ғана бір-бірінің Құпия ақпараттарымен таныстырылуы тиіс.

8.5. Құпиялық туралы талаптар мерзімсіз сақталады.



9. Шартты бұзу тәртібі

9.1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларды есептемегенде, төмендегідей негіздемелер бойынша, оларды қамти отырып, бірақ тек олармен шектелмей, Шартты орындаудан біржақты тәртіпте, бұл туралы Шартты бұзудың болжалды күніне дейін 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Орындаушыға хабарлай отырып және Жеткізушіге ол шеккен шығындар мен оған тигізілген басқа да зияндарды өтеу міндеттемелерінсіз бас тартуға құқылы:

1) Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығы;

2) Шарт талаптарында қарастырылған жеткізу мерзімдерін Орындаушының Тапсырыс берушіге тәуелді емес себептермен 5 (бес) жұмыс күннен артық кешіктіруі;

3) Орындаушының орындалған Жұмыстар сапасына қойылатын талаптарды сақтамауы;

4) орындалған Жұмыстарды қабылдау барысында табылған кемшіліктерді Шартта анықталған мерзімдер ішінде Орындаушының түзетпеуі;

5) егер Орындаушы банкрот немесе төлемге қабілетсіз болып қалса.

6) Орындаушының Шарт бойынша өзге де/кез келген міндеттемелерді бұзуы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған;

8) Қағидалардың 14-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылғандығы анықталған жағдайда;

9) сатып алуды ұйымдастырушының Орындаушыға Қағидаларда қарастырылмаған көмек көрсетуі.

9.2. Осы Шарт Тараптардың өзара жазбаша Келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Осы Шарттың 9.1. т. Және 9.2. т. Көрсетілген мән-жайлар бойынша Шарт бұзылған жағдайда Орындаушы Шартты бұзу күніне тек нақты орындалған және Тапсырыс беруші қабылдаған Жұмыстар үшін төлем талап етуге құқылы.
10. Қорытынды ережелер

10.1. Шарт оған Тараптар қол қойған және Тараптардың мөрлерімен бекітілген жағдайда Тапсырыс беруші оны тіркеген күннен бастап заңды күшіне енеді. Шартты Тапсырыс берушінің тіркеуі Шарттың барлық данасының бірінші бетіне тіркеу нөмірі мен тіркеу күнін қою арқылы расталады. Тапсырыс берушінің Шартты тіркеу фактісін растайтын көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда, Шарттың заңды күші болмайды. Шарт Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.

10.2. Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленеді.

10.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар, осы Шартпен тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың қол қоюға уәкілеттілік берілген өкілдері қол қойып, мөрмен бекіткен жағдайда ғана жарамды.

10.4. Шартқа өзгерістер енгізуге Қағиданың 192-тармағында қарастырылған жағдайларда, Жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапа мен басқа да талаптар өзгермейтін болса ғана, жол беріледі.

10.5. Тараптардың ешқайсысының өзінің құқықтары мен міндеттерін Екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.

10.6. Тараптар әрқайсысы коррупциялық іс-әрекеттерге және ықпал ету үшін төлем жүргізу/шаруашылық қызметпен байланысты формалдылықтарды жеңілдету, мәселелердің барынша тез шешілуін қамтамасыз ету мақсатында төлем төлеуге толықтай тыйым салуды ұсынатын парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа толықтай төзбестік таныту саясатын жүргізетінін мойындайды және растайды. Тараптар өз істерінде қолданылатын заңнаманы басшылыққа алады.

10.7. Тараптар, не олар өздері, не өздерінің жұмыскерлері кез келген тұлғаға қандай да бір коррупциялық төлем (ақша немесе бағалы сыйлықтар) ұсынбайтынына, бермейтініне және ұсынуға келісім бермейтініне, сондай-ақ кез келген тұлғадан тікелей немесе жанама түрде қандай да бір коррупциялық төлем алуға тырыспайтынына, қабылдамайтынына немесе қабылдауға келіспейтініне кепілдік береді.

10.8. Шарт бойынша барлық құлақтандырулар, хабарламалар Шарттың 11-тарауында көрсетілген деректемелер бойынша жазбаша түрде қолма-қол апарылса және/немесе пошта қызметі және/немесе электрондық пошта арқылы жіберіліп, егер байланыстың таңдалған арнасы адресатқа құлақтандырудың/хабарламаның жеткізілгені туралы растамаларды қарастыратын болса, олар тиісті түрде жіберілген/тиісті Тарап алған болып есептеледі.

10.9. Жазбаша түрде рәсімделіп, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және Тараптардың мөрлерімен бекітілген Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады.

10.10. Шарт бірдей заңды күшке ие, Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан келетін 2 (екі) данада қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Бұл ретте Шарттың орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқаларының арасында айырмашылықтар болса, Шарттың орыс тіліндегі нұсқасы басым күшке ие.
11. Тараптардың декректемелері:


Тапсырыс беруші:

«Қазтелерадио» Акционерлік қоғамы

Алматы қ., Аль-Фараби даңғ. 118

СТН 620300010118 БСН 000540002083

ЖСК KZ476010131000079901

«Қазақстанның халық банкі» АҚ №139900

БСК HSBKKZKX, КБЕ 16

Тел.: 8 (727) 2717501, факс 8 (727) 2717610



Қабылдаушы:

«Қазтелерадио» АҚ Маңғыстау облыстық

РадиоТелехабар Тарату Дирекция филиалы

Актау қ., 15 ш.а., Орбита ғимараты, а/ж 476

СТН 430600036189 БСН 980141002314

ЖСК KZ976010231000031466

«Қазақстанның халық банкі» АҚ

БСК HSBKKZKX

Тел.: 8 (7292) 431312, 701444 (6012)
________________________Кенжебаев А.Т.

Орындаушы:





Договор о закупках услуг

______________




г. Актау

«___»__________ 201__г.



Акционерное общество «Казтелерадио», именуемое в дальнейшем «Заказчик», от лица которого выступает директор филиала Мангистауской Областной Дирекции РадиоТелевещания Кенжебаев А.Т., действующий на основании генеральной доверенности № 227 от 11.12.2017 г., с одной стороны и

___________________, именуемое (-ый) в дальнейшем «Исполнитель», от лица которого выступает ______________, действующий на основании ______, с другой стороны,

далее совместно именуемые «Стороны», а по отдельности как указано выше или «Сторона»

руководствуясь Едиными Правилами осуществления закупок товаров, работ и услуг АО «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде» и его дочерними и зависимыми организациями, утвержденными решением Совета директоров АО «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде» (протокол № 102 от «25» декабря 2017 года) (далее - Правила) и протоколом об итогах закупок способом _________ от «___» _________ г. №_____,

заключили настоящий Договор о закупках услуг (далее - Договор) о нижеследующем:
1. Предмет Договора

1.1. Заказчик поручает, а Исполнитель принимает на себя обязательство оказать Заказчику услуги, подробный перечень, объем и условия оказания которых описаны в Приложениях № 1, № 2 к Договору (далее – «Услуги»), являющимся неотъемлемой частью настоящего Договора, а Заказчик обязуется принять оказанные Услуги по Акту оказанных услуг (далее – «Акт») и своевременно произвести оплату согласно условиям Договора.

1.2. Срок оказания Услуг указан в Приложении № 1 к Договору.

1.3. Услуги считаются оказанными надлежащим образом с момента подписания Сторонами Акта.

 
2. Стоимость Договора и условия оплаты

2.1. Общая сумма Договора составляет _____________________ тенге, включает в себя стоимость Услуг, расходы, указанные в п. 2.3. настоящего Договора, налоги и сборы, предусмотренные законодательством Республики Казахстан, <включая НДС/без НДС> (далее – сумма Договора) и изменению в сторону увеличения не подлежит, за исключением случаев, предусмотренных Правилами.

2.2. Оплата Услуг производится Заказчиком путем перечисления денег по реквизитам Исполнителя, указанным в настоящем Договоре, в следующем порядке:

по факту оказания Услуг в течение 20 (двадцати) рабочих дней с даты подписания Сторонами Акта и предоставления Исполнителем документов, указанных в п. 2.5. Договора.

2.3. В сумму Договора включаются: стоимость любых расходов Исполнителя, необходимых для оказания Услуг, необходимых материалов, а также всех/любых расходов Исполнителя, связанных с заключением и исполнением Договора.

2.4. Непредставление, несвоевременное представление, ненадлежащее оформление Исполнителем счетов, Акта и иных документов, предшествующих оплате, освобождает Заказчика от ответственности по Договору за просрочку оплаты.

2.5. Необходимые документы, предшествующие оплате:

1) подписанный Сторонами Договор;

2) Акт, подписанный Сторонами;

3) отчет с подробным описанием предоставленных Услуг;

4) иные документы.




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




База данных защищена авторским правом ©vossta.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница