Кафедра: Автоматика және ақпарттық технологиялар Мамандық: 6B06103 Ақпараттық жүйелер сро «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен



Скачать 21.55 Kb.
Дата23.12.2022
Размер21.55 Kb.
#131333
sro(20201736-72198)
802772, 793294

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Кафедра: Автоматика және ақпарттық технологиялар


Мамандық: 6B06103 - Ақпараттық жүйелер

СРО
«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен


«Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әдістері»
Орындаған: ИС-003 топ студенті Тұрғазина А.Қ.

Семей
2021



Амортизация - бұл тозуды жабу үшін негізгі құралдардың құнын шығындарға біртіндеп ауыстыру процесі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.

Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорының өндірітік - шаруашылық ісіне қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.


Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әр түрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:


Құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;


Құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
Жеделдетіп есептен шығару;
Қалдықты азайту жолымен есептен шығару;
Құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына бір келкі бөлуді қарастырады. Мысалы: Объектінің құны 100000 теңге, қызмет мерзімі – 10 жыл. Есептік жою құны 2000 теңге, тозуға жыл сайынғы резерв 9800 теңгеге тең болды:

Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.


Бастапқы құн – жойылу құны Пайдалану мерзімі

100000 2000/ 10 = 9800. Ал ай сайынғы тозу сомасы (9800/12) = 817 теңге.


Құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс) – бұл әдісте әрбір бірлік өзі өндірген активтің бірдей мөлшерінде амортизациясын (тозудың) болдырады деп қарастырады. Активтердің тозуы олардың қолдануы жиілігіне тікелей байланысты. Мысалы: жабық техникалық құжаттарына сәйкес 5000 өнім бірлігін шығаруға болады. Объектінің құны 27000 теңге, жою құны 300 теңге.


Онда бір өнім бірлігіне амортизация мөлшері:


Бастапқы құн – жойылу құны


Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері


(27000-300)/5000=5.34 теңге болады. Егер бір айда 400 өнім бірлігі шығарылса, онда амортизация сомасы 2136 теңгені құрайды (5.34 x 400)


Жеделдетіп есептен шығару әдісі өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жалдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдалануың өзі екіталай


Қалдықты азайту жолымен есептен шығару әдісі кезінде, түзету сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қолданылады. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан жылға азая береді, алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады.


Амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектелген соңғы жылды қоспағанда, болжамды жою құны амортизация есептеуде есепке алынбайды.


Кумулятивтік әдіс латын тілінен аударғанда “өсу жиналу”деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосысудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы: автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5/ 15, бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4/ 15, бөлігіне, үшінші жылы 3/ 15,төртінші жылы 2/ 15, бесінші жылы 1/ 15, бөлігіне.




Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін 5, екінші жыл үшін 4, үшінші жыл үшін 3, төртінші жыл үшін 2,бесінші жыл үшін – 1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизациялау құнға (90000 теңге) көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.
Скачать 21.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




База данных защищена авторским правом ©vossta.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница